Әлем

Түркия "Ыстанбұл" каналының құрылысын бастады  

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент Турции Реджеп Тайип Эрдоган
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Жаңа жоба 15 жылда өзін-өзі ақтайды – ол жылына бір миллиард доллар табыс әкеледі деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мәрмәр теңізі мен Қара теңізді жалғайтын жаңа мегажоба – "Ыстанбұл" каналының құрылысы басталды. Ол Босфордың баламасына айналып, мемлекет қазынасына қомақты пайда әкеледі. Алайда экологтар оның қоршаған ортаға зияны үлкен болады деп қауіптеніп отыр. Шет мемлекеттер Монтре доктринасы мен Қара теңіздегі түрік міндеттемелерінің сақталуына алаңдаулы. РИА Новости ресейлік кемелер үшін қандай өзгеріс болатынын жазды.

"Ыстанбұл" каналы арқылы өтетін көпірдің құрылысын бастау арқылы біз бүгін Түркияның дамуындағы жаңа кезеңге аяқ бастық. Бұл жоба қалаға, Түркияға, бүкіл халқымызға пайда алып келуіне тілектеспін", - деді ел президенті Режеп Тайып Ердоған салтанатты түрде.

Современный Кабул - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
НАТО мен АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылады: Кабул әуежайын Түркия күзетеді
Мемлекет басшысы жобаның қоршаған ортаға әсері секілді мәселелер зерттеліп қойғанын мәлімдеді. Бұғаз айналасында тұрғын үйлерден құралған шағын аудандар, саябақтар, туристік нысандар, технологиялар даму аймағы бой көтереді.

"Ыстанбұл" соңғы жылдары қала үшін қауіп төндіріп тұрған Босфордағы жүктемені азайтады. Канал арқылы өтуі керек кеме саны 25 мыңға жетеді. Алайда оның баламасы салынбаса, онда 2050 жылға қарай бұл жүктеме үш есе  артады. "Жыл сайын 45 мың кеме Босфор арқылы өтіп жатыр. Әр кеме қауіп төндіреді. Себебі оларға түрлі жүк тиелген. Кез келген апат орасан қауіпке айналады. Ол мәдени құндылықтарға зиян келтіруі мүмкін", - деп түсіндірді Ердоған.

Мұндай жағдай жиі болып тұрады: соңғы рет өткен жылдың мамырында басқарудан шығып қалған танкер салдарынан Босфордағы қоғалыс тоқтатылды.

Құрылысы алты жылға созылатын "Ыстанбұл" жобасының құны 15 миллиард долларды құрайды. Бұл қаражаттың бір бөлігі шетелден тартылатыны анық. Мысалы, Катардан. Себебі Ердоған Дохаға сапарынан миллиардтаған инвестицияға келісім жасап қайтуды әдетке айналдырған. Жоба 15 жылда өзін-өзі ақтайды: ол жылына бір миллиард доллар табыс әкеледі деп болжанып отыр.

Бұл Түркия тарихындағы ең ірі жобаның бірі: ол 45 километр ұзындыққа созылады. Бұл Босфордан 15 километрге артық. Оның ең қысқа ені 275 метрді құрайды. Бұл бұғаздан екі жарым есе тар. Жаңа каналдың кеме өткізу мүмкіндігі күніне 185 кеме болса, Босфорда – 118-125 кеме.

Ердоған бұл нысан жайлы он жылдан бері айтып келеді. Бірақ мегақұрылыс түріктердің барлығын бірдей қуантып отырған жоқ. Мысалы Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлы жобаға қарсы шығып, тіпті референдум өткізуді ұсынды. Экологтар да алаңдаушылық танытып отыр. Себебі Қара теңіздің суы тартылып, Мәрмәр теңізінің экожүйесі бұзылуы мүмкін. Жер сілкінісі болуы да әбден ықтимал. Сондай-ақ Ыстанбұлдың сумен жабдықтау жүйесіне қатысты қауіп бар.

Қазақстан мен Түркия туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Өңірлер
Түркия Қазақстандағы университетке 20 миллион доллар бөледі
Босфор және Дарданеллы бұғаздары арқылы Қара теңізге өтуді реттейтін Монтре доктринасының тағдыры да сұрақ туындатып отыр. Құжатқа сәйкес ол сауда кемелері үшін еркін жүретін аймақ және Түркия одан табыс көрмеуі керек.

Бірақ Анкара Қара теңізге қатысы жоқ елдердің әскери кемелерін бақылауда ұстап отыр: олар Қара теңізде үш аптадан артық аялдамауы керек және тиелген жүк салмағы 45 мың тоннадан аспауы қажет.

Сәуірде елдің бұл келісімнен шығу ықтималдылығы туралы мәлімдемелерден кейін президент Ердоған конфенцияның өз күшінде екенін хабарлады. Алайда "Ыстанбұл" каналы Анкараға аталған құжат ережелерін айналып өтуге мүмкіндік бере ме деген қауіп сейілген жоқ.

"Түркия қызықты тұжырымдаманы алға тартып отыр: "Ыстанбұл" Монтре конвенциясына қарсы келмейді, бірақ Анкараның беделін көтеріп тұр. Басқаша айтқанда билік бұл жоба конвенциямен байланысты емес және оған бағынбайды дегенді айтқысы келіп отыр. Бұл келешекте Монтре доктринасына қауіп төндіруі мүмкін мүлде басқа канал", - дейді Ресей СІМ дипломатия академиясының доценті Владимир Аватков.

Ал Ресейдің ғылымдар академиясы Шығыстану институтының Түркия секторындағы ғылыми қызметкері және Қазіргі заманғы Түркияны зерттеу орталығының директоры Амур Гаджиев Украина мен Грузияны есепке алмағанда Қара теңіз елдері де бұл құрылысты құптап отырмағанын айтады. Түркия билігі Қара теңіз аймағына жатпайтын елдер үшін жобаны тартымды етуге тырысқанымен, Румыния, Болгария, Грекияға жаңа канал ұнап отырған жоқ.

Түркия ресейлік С-400 радарларын сынақтан өткізе бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2019
Видео
Түркия ресейлік С-400 радарларын сынақтан өткізе бастады – видео
"Ресейге де Қырым жағалауында арандату әрекеттерінің өршігені керек емес. Мәскеу Қара теңіз аумағынан тыс елдер, әсіресе НАТО мемлекеттері конвенцияны айналып өтіп, акваторияға әскери-теңіз күштерін кіргізу мүмкіндігіне ие болғанын қаламайды", - дейді Гаджиев.

Ал АҚШ, Ұлыбритания мен НАТО-ның бірқатар елі Монтре доктринасының ережелері ескіргенін алға тартып отыр. Олар Қара теңіздегі кеме санын арттыруды көздейді.

Шығыстанушы әрі публицист Андрей Онтиков Қара теңіздегі жаңа канал НАТО кемелерінің көбеюіне алып келеді деген тұжырым негізсіз екенін айтты. Оның пікірінше, Монтре доктринасы тек Босфор мен Дарданеллыға емес, осы аймақтан тыс елдердің кемелері Қара теңізде болуын реттейді. Сонымен құжатқа өзгеріс енгізу де оңай емес. Ол үшін халықаралық конференция ұйымдастырып, қатысушылардың төрттен үші өзгерістерді қолдап дауыс беруі керек.

Сондықтан әзірше Монтре доктринасына қатысты алаңдауға себеп жоқ. Әйтсе де жаңа каналдың мәртебесі әзірше белгісіз болып тұр. Ол нақтыланған жағдайда түрлі амалдарды қарастыруға болады.

Жаңалықтар
0