Оқиға

Талдықорғанда арматура зауытында жарылыс болды: зардап шеккендер бар

© Sputnik / Владислав ВодневПолиция мен жедел жәрдем көліктері, иллюстративті сурет
Полиция мен жедел жәрдем көліктері, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Талдықорғандағы арматура зауытында жауынгерлік снаряд жарылды. Жарылыс пен өрт салдарынан екі адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Талдықорғанда арматура зауытында белгісіз снаряд жарылып, екі адам жарақат алды. Қазір олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Жарылыс түнде қоймада болған. Қазір оқиға орнында саперлер жұмыс істеп жүр.

Жарылыс кезінде кәсіпорында үш жұмысшы болған, олардың екеуі жарақат алды, үшіншісі медициналық тексерістен кейін үйіне жіберілді.

Қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлерінің айтуынша, пациенттердің бірі ауыр хәлде түскен: снаряд қалдықтары ішкі органдарын зақымдаған. Қан кету тоқтатылды, бірақ бүйректі алып тастауға тура келді.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, полицейлер, саперлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды. Жұмысшылар қауіпсіз жерге көшірілді.

Шұғыл қызметтер Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнының аумағына снарядтың қайдан келгенін әзірге түсіндірген жоқ, деп хабарлайды "31 арна".

Жаңалықтар
0