Денсаулық

"Спутник V" вакцинасының үнді штамына қарсы тиімділігі 2,6 есе төмен

© Sputnik / Владислав Воднев Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК)
 Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК) - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Сонымен қатар басқа вакциналардың дельта штамына қарсы тиімділігі одан да аз – үштен бес есеге дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. COVID-19 індетіне қарсы вакциналардың үнді штамына қарсы тиімділігі төмен, деп хабарлайды РИА Новости Гамалея орталығы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Денис Логуновқа сілтеме жасап.

"Біз штамдарға, атап айтқанда, үндістандық "дельтаға" келгенде сарысулар белсенділігінің аздап төмендегенін көріп отырмыз – бұл "Спутник V" вакцинасы үшін шамамен 2,6 есе", - деді Логунов сейсенбідегі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Pfizer және Moderna вакциналарының тиімділігі 3-тен 5 есеге дейін төмендеген.

Сонымен қатар Логунов аталған көрсеткіштің 2,6 есеге артқанына қарамастан, вакцина үнді штамынан қорғайтынын баса айтты.

"Тағы қайталап айтамын, 2,6 есе көрсеткіш әлемдегі басқа вакциналарға қарағанда әлдеқайда төмен", - деп толықтырды Логунов.

Тегін тамақ ішеді: Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға бірнеше жеңілдік жасалады

Бұған дейін Гинцбург егер қолданыстағы препараттар COVID-19 індетінің жаңа штамдарына қарсы жеткілікті мөлшерде антидене түзе алмаса, Гамалея орталығы бір апта ішінде вакцинаның жаңа түрлерін жасай алады деп мәлімдеді.

Орталық басшысы сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакциналау жаңа үнді штамымен күресуге көмектесетінін хабарлады.   

Жаңалықтар
0