Өңірлер

"Әдейі жасамадым": Петропавлда нағашыларын өлтірген қаскөйге қатысты сот процесі басталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Жаға ұстатарлық  оқиға  Петропавлдағы жеке үйлердің  бірінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Қызылжарда туған нағашыларын қырып тастаған қаскөйге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Еске салайық, жаға ұстатарлық  оқиға  Петропавлдағы жеке үйлердің  бірінде болған. 30 жастағы Алматы тұрғыны   Қызылжардағы туысқандарына түнде келіп, 3 адамды қан-жоса етіп пышақтап тастаған еді.

Алған дене жарақаттырынан 48 жастағы әйел мен 89 жастағы кейуана көз жұмды. Ал үшінші жәбірленуші — 29 жастағы жігіт бір ай бойы  төсек тартып жатып, тиісті  ем алып, аман қалған болатын. 

Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Бүгін бұл жантүршігерлік іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті.

"Айыпталушы туысқандарының үйінде үлкен көлемде ақша бар екенін біліп, тонап кетуі үшін екі немесе одан да көп адамды өлтіруге барды. Ғабдуллин туысқандарының үйіне бұған дейін келген кезде қай бөлмеде құнды заттар мен ақша жатқанын біліп алды. Соны ұрлап алу үшін осы қылмысқа барды", - дейді прокурор Дулат Жанақов.

Айыпталушы бұл ісін жұмыссыз қалып, белшеден қарызға батқандығымен түсіндірді. Ол өз кінәсін мойындап отыр.  

"Мен өз кінәмді мойындаймын. Бірақ бұл қылмысты әдейі жасамағанымды айтқым келеді. Солай болып қалды", - деді айыпталушы.  

Жаңалықтар
0