Қоғам

Нұр-Сұлтанда велосипед мінген тыр жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда, веложол
Елорда, веложол - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
42 жастағы ер адам танысымен өзен жағасында ішімдік ішкен, суға шомылып шыққанда киімдерін таппай қалған

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Елорда полицейлері көшеде тыр жалаңаш велосипед мінген ер адамды ұстады.

Сағат 07:14-те "102" нөміріне Есіл өзенінің жағалауында ер адам тыр жалаңаш күйде велосипед теуіп жүргені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер оны ұстады. Аяқ киім ғана киген ер адам мас болған.

Анықталғандай, 42 жастағы ер адам түнде өзен жағасында танысымен ішімдік ішкен. Кейін салқындау үшін өзенге түскен. Ал судан шыққан кезде өзен жағасынан киімдерін таппай қалған. Танысы киімдерін алып, белгісіз бағытта жасырынған.

Ер адам кездесуге келген автокөлігінің жүксалғышынан велосипедін шығарып, Бараев көшесіндегі үйіне бет алған.

Тағы оқыңыз: Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

Ол мас болғандықтан, көлік рөліне отырмағанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0