Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМеры профилактики коронавируса в кинотеатре, архивное фото
Меры профилактики коронавируса в кинотеатре, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Жаңа қаулы аттракциондар, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысын реттейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова карантин ережелері туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, қаладағы жабық ғимараттарда бұқаралық мәдени шараларды өткізуге тыйым салынады.

Саябақ аумағында орналасқан ашық аспан астындағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысы тоқтатылады.

Ashyq жобасына қатысатын театрлар мен филармониялар жұмыс істей алады, алайда орындардың 20 проценті ғана толуға тиіс. Көрермендер шахмат тәртібімен екі орындық сайын отыруы керек.

Жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, ешқандай акция өткізуге болмайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтілді - Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Ashyq жобасына қатысатын кинотеатрлар сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеп, көрермендер санының 30%-не дейін қабылдай алады. Олар да шахмат тәртібімен екі орындық сайын отыруға тиіс.

Осы қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0