Өңірлер

Теңізге түсуге ата-анасымен барған: Ақтауда бес жасар қыз суға батып кетті

CC0 / / Дети на берегу
Дети на берегу - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Оқыс жағдай халық арасында "солдат жағажайы" деп аталатын  жерде болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Ақтауда 5 жасар қыз қас-көздің арасында суға тұншығып өлді, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Оқыс жағдай халық арасында "солдат жағажайы" деп аталатын  жерде болған.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақтанда жазғы демалысқа келген 8 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Теңізге түсуге ата-анасымен барған кішкентай бала қас-көздің арасында суға түсіп тұншығып қалған. Жедел жәрдем келгенше көз жұмыпты. Өйткені бұл жағажайда арнайы  құтқару жасағы жоқ екен, тіпті шомылуға арнайы жабдықталмаған. Қайғылы жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр.

"Приморский шағын ауданында Ақтау қаласындағы "Солдатский пляж" жағалауынан баланың мәйіті куәгерлермен судан шығарылды", - деді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Ол 27 маусым күні суға шомылу кезінде жабдықталмаған жерде суға батып кетті.

Жаңалықтар
0