Оқиға

Қостанай облысында үш бала жол апатынан қаза болды

© Photo : Қостанай облыстық полиция департаментіҚостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
36 жастағы әйел жүк көлігін басып озбақшы болып, жолдың қарсы бетінде келе жатқан көлікпен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Жол апатынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Қостанай-Қарабұтақ тас жолында болған. 

"Renault SANDERO мінген 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озбақшы болған. Сөйтіп, жолдың қарсы бетіне шыққанда Lexus-пен соқтығысқан", - дейді полицейлер.

Renault-та болған үш жасөспірім – 14 жасар екі бала және 17 жастағы бір бала оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі және оның жанында отырған 40 жастағы жолаушы дене жарақатын алды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапқа сәйкес, белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе  қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0