Видео

Журналистер кәсіби мерекелері қарсаңында адам "құтқарды" – видео

Жазылу
Астаналық журналистер өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында құтқарушылардың жұмысын атқарып көрді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерге сыйлық сертификаттарынан бастап чемпиондармен спорттық жарыстарға дейін түрлі сый-сияпат жасалады.

Осындай ерекше сыйлықтардың бірі астаналық БАҚ өкілдері үшін "құтқару" квесті болды.  

Журналистер өздерін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың рөлінде сынап көрді – олар арнайы киім киіп, өрт баспалдақтарымен көтеріліп, қараңғыда зардап шеккендерді іздеді, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, "жанып жатқан" ғимараттан шығарды.  

Журналистер барлық тапсырманы нұсқаушылардың бақылауымен, сондай-ақ карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындады.

Бұл ерекше квестің қалай өткенін видеодан көріңіз.  

Жаңалықтар
0