Әлем

Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHСотрудник лаборатории изучает пробирки с положительными пробами на коронавирус
Сотрудник лаборатории изучает пробирки с положительными пробами на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Вирустың тасымалдаушысы - жарқанаттар. Олардан вирус адамға жұғуы мүмкін. Өлім деңгейі 75%-ке жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Адам үшін қауіпті саналатын Нипах вирусы Үндістандағы жарқанаттардан табылды.

РИА Новостидің хабарлауынша, жаңа вирусты Үндістанның ұлттық вирусология институтының ғалымдары анықтаған. Махараштра штатындағы жарқанаттар вирустың тасымалдаушысы болып отыр.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұшатын түлкілер мен тышқандарда кездесетін вирусты әлемдегі ең қауіпті деп санайды. Ол осы жануарлардың сілекейі бар жемістер жеген адамдарға жұғады", - делінген үнді ғалымдарының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Нипах вирусын емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ екендігі хабарланды. Одан өлім деңгейі 40 проценттен 75 процентке дейін жетеді.

Бұған дейін Үндістанда аурудың төрт ошағы анықталған болатын. Нипах вирусы алғаш рет 2001 және 2007 жылдары Батыс Бенгалияда тіркелген. Тағы екі рет - 2018 және 2019 жылдары Керала штатында.

Оқи отырыңыз: Аса қауіпті: үнді штаммы туралы не білу керек

Ғалымдар 2020 жылдың наурызынан бастап Махабалешвара үңгіріндегі Rousettus leschenaultii и Pipistrellus Pipistrellus түрлерінің 80 тышқан сынамаларын зерттеп, олардан РНҚ мен Нипах вирусына антиденелерді тапқанын атап өтті.

Зерттеушілердің айтуынша бұл зерттеулер әлі де пысықтауды қажет етеді.

Жаңалықтар
0