Саясат

Тоқаев Ресей федерация кеңесінің төрағасы Матвиенкомен кездесті

© Photo : пресс-служба сената парламента РКПредседатель Сената Парламента Касым-Жомарт Токаев и председатель Совета Федерации Валентина Матвиенко
Председатель Сената Парламента Касым-Жомарт Токаев и председатель Совета Федерации Валентина Матвиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Қазақстан президенті мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуда үлкен рөл атқаратын парламенттік дипломатияның маңыздылығын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресейдің федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Республика басшысы Федерация кеңесі төрағасының Қазақстан мен Ресейдің одақтас қарым-қатынасын дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

"ТМД Парламентаралық ассамблея төрағасы ретінде атқарған жемісті, тиімді қызметіңізді жоғары құрметтейміз. Сіз көп жылдан бері парламенттік алаңда және парламенттік аядан тыс түрлі мемлекеттердің депутаттары арасындағы өзара іс-әрекеттестіктің тиімді органы ретінде қалыптасқан осы маңызды органды басқарып келесіз", - деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі ел мен құрлықтағы өкілдер шақырылған парламентаралық ассамблея отырысының бірін еске алды.

"Ол отырысқа бізбен бірге африкалық депутаттар да қатысып, "Сіздердің бір тілде, орыс тілінде сөйлесе алатындарыңызға қарап қызығып отырмыз. Ал бізде Африкада тілдің көптігі соншалық, кейді бір мәмілеге келу қиын болады" деп таңданыс білдірген болатын. Сондықтан бізге ынтымақтастықтың осы форматын сақтап қалу керек және біз қолдан келгенше аянып қалмаймыз. Мен депутаттар қатысып отырған мына жиында да парламентаралық диалогқа бірінші кезекте мән беру керек дегенді айтып отырмын", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Валентина Матвиенко өз кезегінде Қазақстанды келе жатқан елорда күнімен құттықтап, Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің "Нұр-Сұлтан – қазіргі әлемнің кереметі" деген жас астана туралы айтқан сөзін еске салды.

Бұған дейін Валентина Матвиенко Қазақстан сенаты мен Федерация кеңесінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның кеңейтілген отырысына қатысты.

Жаңалықтар
0