Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыпты көз жұмды, ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVЖизнь и быт жителей села близ Аральского моря, архивное фото
Жизнь и быт жителей села близ Аральского моря, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Үйде пеш жөнделіп жатқан. Ауа райының салқындауына байланысты пеш жаққан болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында иіс тиіп уланып ерлі-зайып қайтыс болса, олардың ұлдары жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға Тайыншы ауданы, Горькое ауылында болған.

"Жеке тұрғын үйде пешті дұрыс жақпау салдарынан 1977 жылы туған ер адам мен оның 1982 жылы туған әйелі иіс тиіп уланып қайтыс болды. Олардың ұлы 2007 жылы туған баласы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады төтенше жағдай департаментіндегілер.

Жасөспірімнің жағдайы ауыр, облыстық балалар ауруханасында өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қаза тапқандардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

"Бірнеше күн бүрын үйдегі жылыту пеші жөнделген, алайда соңына дейін аяқтамаған. Осының салдарынан пештен улы газ шыққан", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Туысы тауып алған: Аягөзде әйел мен оның 13 жастағы ұлы көз жұмды

Құтқарушылар қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын осы мекенжай бойынша аудандық төтенше жағдайлар және полиция бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ескерту жұмыстарын жүргізгенін айтты.  

Жаңалықтар
0