Қоғам

COVID-19 мутациясы: "Спутник V" авторы жаңа вакцинаға қанша уақыт кететінін айтты

© REUTERS / YVES HERMANСотрудница лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудница лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Коронавирустың жаңа штаммы S-ақуыздардың адам рецепторларымен байланысатын жерлерде басқаша тараса, жаңа вакцинаны шығаруға тура келеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Николай Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығы вакцинаның жаңа үлгілерін бір аптаның ішінде жасай алады. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik радиосы.

"S-ақуыздардың адам рецепторларымен байланысатын жерлерде таралу тәртібі күрт өзгерген коронавирустың жаңа штаммы шықса, вакцинаның жаңа үлгілері қажет болады", - деді Гинцбург "Россия 1" арнасына берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, бүгінде вакцины шығарудың векторлық технологиясы тіркеуге алынған. Сондықтан осы технологияның негізінде жаңа препараттарды жеті күннің ішінде жасап шығаруға болады.

"Қазіргі отандық вакциналар коронавирустық инфекцияның "үнді" штаммына қарсы қолдана беруге болады", - деп атап көрсетті Гинцбург.  

Айта кетейік, әлемде коронавирустың үнді дельта-штаммы кеңінен тарала бастады. Осы уақытқа дейін осы штамм 90 мемлекетте анықталды. Соның ішінде Қазақстан да бар. 24 маусымда Алматы қаласында 11 науқас тіркелген.

Оқи отырыңыз: Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды

Коронавирустың "Дельта" штаммы анықталған штаммдарға қарағанда 60%-ке тез жұғады. Қазіргі айналымдағы штаммдар 1 адамнан орташа есеппен 3-4 адамға таралса, "үнді" штаммы 5-6 адамға бірден жұғады. Инкубациялық кезеңі небәрі 7 күнге созылады.

Соңғы зерттеулер коронавирустың "үнді" штаммымен ауырғандар арасында аурухана төсегіне таңылғандар және қайтыс болғандар көбірек екенін көрсетті. Ал "дельта плюс" мутациясына қарсы вакцина да көмектеспейді деген болжам бар.

Жаңалықтар
0