Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қаламын қару еткендер: БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр – фото

Жазылу
Отыз жыл бұрын Қазақстанда "Баспа және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" алғашқы заң қабылданды

Тәуелсіз Қазақстанның журналистері мен БАҚ қызметкерлері бүгін кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр.

Оның тарихы отыз жыл бұрын Қазақ КСР-нің "Баспа және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" алғашқы заң қабылдануынан бастау алады. 2012 жылға дейін бұл мереке Баспа, радио және телевидение күні ретінде маусымның соңғы жексенбісінде аталып келді.

Алайда 2011 жылдың қазанында төртінші билік өкілдерінің төл мерекесі 28 маусым күніне белгілендді. Ол дата Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деп атауын да өзгертті. Бұл мереке дәл осы атаумен 2019 жылға дейін тойланып, екі жыл бұрын Бұқаралық ақпарат құралдары күні деп тағы атау өзгертті.

Қазақстандық журналистер пандемияға дейін өз міндеттерін қалай атқарды және коронавирус қандай өзгеріс алып келгені туралы Sputnik Қазақстан материалынан көріңіз.

© Sputnik / Владислав ВодневҚоғам үшін қызықты әрі маңызды ақпаратты алу ешқашан оңай болған емес. Себебі камера алдында қолайсыз әрі күрделі сұраққа ашық жауап беруге дайын спикерді табудан бөлек ол проблеманың қалай шешілетіні туралы да толыққанды мәлімет ұсына алу керек. Ол үшін түрлі шенеунік пен сарапшыға ондаған сұрақ қоюға тура келеді.
Журналисты на брифинге после расширенного заседания в правительстве - Sputnik Қазақстан
1/16
Қоғам үшін қызықты әрі маңызды ақпаратты алу ешқашан оңай болған емес. Себебі камера алдында қолайсыз әрі күрделі сұраққа ашық жауап беруге дайын спикерді табудан бөлек ол проблеманың қалай шешілетіні туралы да толыққанды мәлімет ұсына алу керек. Ол үшін түрлі шенеунік пен сарапшыға ондаған сұрақ қоюға тура келеді.
© Sputnik / Владислав ВодневКейде жоғары қызметтегі шенеуніктер өзекті сұрақтарға қалжыңмен жауап беріп, тезірек құтылуға тырысады.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
2/16
Кейде жоғары қызметтегі шенеуніктер өзекті сұрақтарға қалжыңмен жауап беріп, тезірек құтылуға тырысады.
© Sputnik / Владислав ВодневЖаңалықтар мен өз сауалыңды қою үшін сағаттап күтетін жағдай жиі болады.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
3/16
Жаңалықтар мен өз сауалыңды қою үшін сағаттап күтетін жағдай жиі болады.
© Sputnik / Владислав ВодневКейде ол сұрақтың жауабын сол кәсіпорынның өзінде алуға мүмкіндік туып, журналистерге өндірістік процесс кезінде жұмыс істеуге тура келеді.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
4/16
Кейде ол сұрақтың жауабын сол кәсіпорынның өзінде алуға мүмкіндік туып, журналистерге өндірістік процесс кезінде жұмыс істеуге тура келеді.
© Sputnik / Владислав ВодневЖурналистер үшін сұраққа жауап алу өз қолайлылығынан да қымбат.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
5/16
Журналистер үшін сұраққа жауап алу өз қолайлылығынан да қымбат.
© Sputnik / Владислав ВодневЕгер репортаж дайындау үшін пойыз бригадасымен бірге кезекшіліке түсуге немесе полициямен бірге патрульдеу қажет болса, журналистер ешқашан именіп қалмайды.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
6/16
Егер репортаж дайындау үшін пойыз бригадасымен бірге кезекшіліке түсуге немесе полициямен бірге патрульдеу қажет болса, журналистер ешқашан именіп қалмайды.
© Sputnik / Владислав ВодневКейде спикердің дауысы диктофонға түсініксіз жазылып қалатын жағдай болады. Ондайда журналистер бір-біріне көмектесіп, мәселені бірге анықтауға атсалысады.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
7/16
Кейде спикердің дауысы диктофонға түсініксіз жазылып қалатын жағдай болады. Ондайда журналистер бір-біріне көмектесіп, мәселені бірге анықтауға атсалысады.
© Sputnik / Владислав ВодневПандемия парламенттік журналистердің жұмысына елеулі өзгерістер енгізді – олардың министрлер мен депутаттар заңнамалық құжаттарды талқылайтын ғимаратқа бас сұқпағанына бір жылдан асты. Қажетті жауап алу үшін шенеуніктерді есік алдында сағаттап тосуға тура келеді.
Журналисты беседуют с министром юстиции Маратом Бекетаевым у входа в мажилис  - Sputnik Қазақстан
8/16
Пандемия парламенттік журналистердің жұмысына елеулі өзгерістер енгізді – олардың министрлер мен депутаттар заңнамалық құжаттарды талқылайтын ғимаратқа бас сұқпағанына бір жылдан асты. Қажетті жауап алу үшін шенеуніктерді есік алдында сағаттап тосуға тура келеді.
© Sputnik / Владислав ВодневАқпаратты алып қана қоймай, оны халыққа түсінікті етіп жеткізе білу де қажет. Сондай-ақ ақпаратты ұсынуда шапшаңдық та маңызды рөл ойнайды.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
9/16
Ақпаратты алып қана қоймай, оны халыққа түсінікті етіп жеткізе білу де қажет. Сондай-ақ ақпаратты ұсынуда шапшаңдық та маңызды рөл ойнайды.
© Sputnik / Владислав ВодневҚақтығыстар мен тәртіпсіздіктер аумағында "Пресса" деген жазуы бар көкірекше мен таңғыш журналистердің жалғыз қорғанышына айналады.
Митинг в день выборов в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
10/16
Қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер аумағында "Пресса" деген жазуы бар көкірекше мен таңғыш журналистердің жалғыз қорғанышына айналады.
© Sputnik / Владислав ВодневДыбыстың жақсы жазылуы үшін диктофон мен түрлі аппаратураны орналастыратын жерді мұқият таңдау қажет.
День работников СМИ - Sputnik Қазақстан
11/16
Дыбыстың жақсы жазылуы үшін диктофон мен түрлі аппаратураны орналастыратын жерді мұқият таңдау қажет.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖурналистер жұмыстан тыс уақытта экологиялық акцияларға жиі қатысады.
Журналист Sputnik Казахстан Ольга Тонконог - Sputnik Қазақстан
12/16
Журналистер жұмыстан тыс уақытта экологиялық акцияларға жиі қатысады.
© Sputnik / Жания УранкаеваШараны ұйымдастырушылар журналистер үшін аз орын қамдаған болса, тілшілер еш саспастан қолайсыз жағдайда да кәсіби міндетін атқара береді. Бұл жаңалықтар сапасына еш кері әсер етпейді.
Журналистам не хватило места в зале заседания политсовета Нур Отан - Sputnik Қазақстан
13/16
Шараны ұйымдастырушылар журналистер үшін аз орын қамдаған болса, тілшілер еш саспастан қолайсыз жағдайда да кәсіби міндетін атқара береді. Бұл жаңалықтар сапасына еш кері әсер етпейді.
© Sputnik / Владислав ВодневКөрермендер мен тыңдармандарға оқиғаның барысы жайында ақпарат беру үшін журналистер іс-шара алдында тікелей эфирге шығады.
Журналисты перед началом церемонии принесения присяги выходят в прямой эфир - Sputnik Қазақстан
14/16
Көрермендер мен тыңдармандарға оқиғаның барысы жайында ақпарат беру үшін журналистер іс-шара алдында тікелей эфирге шығады.
© Sputnik / Владислав ВодневЖурналистер коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы туралы да жаңалықты жан-жақты тарата алды.
Немного журналистского гламура не помешает и на строительстве госпиталя - Sputnik Қазақстан
15/16
Журналистер коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы туралы да жаңалықты жан-жақты тарата алды.
© Sputnik / Абзал КалиевКоронавирус журналистер мен спикерлердің қарым-қатынас форматын өзгертті – қазір баспасөз конференцияларының басым бөлігі онлайн өтеді. Суретте: Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында брифинг өтуде.
Брифинг по вопросам ОСМС в мультимедийном пресс-центре Sputnik Казахстан - Sputnik Қазақстан
16/16
Коронавирус журналистер мен спикерлердің қарым-қатынас форматын өзгертті – қазір баспасөз конференцияларының басым бөлігі онлайн өтеді. Суретте: Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында брифинг өтуде.
Жаңалықтар
0