Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияға қандай қауіп төндіреді?

© AFP 2024 / WAKIL KOHSARКомандующий Афганской национальной армии (АНА) Дост Назар Андараби в бинокль наблюдает за форпостом, установленным против боевиков Талибана в Каджаки, Афганистан
Командующий Афганской национальной армии (АНА) Дост Назар Андараби в бинокль наблюдает за форпостом, установленным против боевиков Талибана в Каджаки, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Шетелдік әскерилердің Ауғанстан аумағынан толық шығарылуына екі апта уақыт қалған шақта үкіметтік армия жеңіліс тауып, кері шегіне бастады. Тәлібтер Ислам республикасының төрттен үш бөлігін бақылауда ұстап отыр

Олар толық жеңіске жеткеннен кейін "Ислам эмиратын" құру туралы ойынан әлі айныған жоқ. 

23 маусымда Ауғанстанның солтүстігіндегі Шортепа уезінің ауданында болған қарулы қақтығыстан кейін 50-ден астам ауғандық шекарашы мен сарбаз Өзбекстан аумағына қарай шегінді. Алайда олар ұсталып, кері қайтарылды. Өзбекстан сыртқы істер министрлігі өзбек территориясын заңсыз кесіп өту әрекетінің барлығы қатаң түрде жазаланатынын ескертіп мәлімдеме жасады.

Военнослужащий армии Афганистана на месте теракта, совершенного в военной академии в Кабуле - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Ауғанстан Орталық Азия елдерінің арнайы жасақтарын біріктіруді ұсынды
Өзбекстан Ауғанстанмен тату көрші және достық қарым-қатынасын сақтауға және бейтараптылықты ұстануға тырысады. Ташкент көрші мемлекеттегі әскери-саяси жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр. Ауғанстан Ислам республикасының солтүстігіндегі соғыс әрекеттерінің өршуі Ауғанстаннан келетін босқындар санының артуына алып келуі мүмкін және өзбек шекарашылары мен СІМ-нің оған тосқауыл болуға қауқары жете қоймайтын секілді.

22 маусымда тәлібтер соғыс арқылы тәжік шекарасындағы маңызды учаске – Оңтүстік және Орталық Азия елдерінің негізгі тауар айналымы жүзеге асырылатын "Шерхан-Бандар" кеден және сауда өткелін басып алды. 130-дан астам шекарашы мен үкімет күшінің сарбазы тәжік территориясына қарай қашып, ондағылар адамгершілік тұрғысынан ауған әскерінің қалуына рұқсат етті.

Тәжікстанмен жапсарлас орналасқан Кундуз және Тахар провинцияларында сегіз аудан мен екі шекаралық бақылау-өткізу пункті тәлібтердің бақылауына өтті. Содырлар кейіннен Бадахшан ауған провинциясындағы Хаш ауданын басып алды. Соғыс толастамай тұрған Ауғанстанмен 1300-ден астам километр ортақ шекарасы бар Тәжікстан Орталық Азиядағы терроризм қаупі төнген мемлекетке айналды.

Тәлібтер әзірше шекараны бұзып отырған жоқ. Бірақ билік бағалауы бойынша Тахор және Бадахшан провинцияларында радикалды топтардың құрамында Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтары соғысып жүр. Өзбекстан 2017-2020 жылдар аралығында Ауғанстаннан 86 өз азаматын қайтарып алды. Тағы қанша өзбек тәлібтермен бірге жүргені белгісіз. Мұндай фактілер торрористік ұйымдардың Орталық Азия елдеріндегі ықпалын айқындап тұр.

Қарқынды шабуылдар барысында мамыр-маусымда тәлібтер Ауғанстанның 50 ауданын басып алды. Өткен тәуліктің өзінде содырлар Ислам республикасының батыс бөлігіндегі сегіз аудан орталығын өз бақылауына алып, 20 маусымда 11 уезді басып алды және Кабулды елдің солтүстік провинцияларымен байланыстыратын тас жолды бұғаттап тастады. Солтүстіктегі бас қалалар - Мазари-Шариф, Пули-Хумри, Кундуз қоршауда тұр. Сол сияқты ауған провинцияларының басым бөлігі билік тәлібтердің қолында тұрған аудандардың "қоршауында". Сондықтан Кабулдың берілу ықтималдылығы күннен-күнге ұлғайып келеді. Тахар, Баглан, Джаузджан, Сари-Пуль, Фарьяб, Кундуз, Балх, Парван, Кандагар, Бадгис провинцияларында құрылған жасақ әскер тұрақты армия мен кәсіби полицияның орнын алмастыра алмайды.

США уходят из Афганистана: террористы и наркотрафик остаются - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан жерінен шығарылды: елде жағдай қалай өзгерді – видео
Үкіметтік күш қарсылық көрсетпей беріліп, келісім жасайтын жағдайлар да жиі кездесіп жатыр. Американың барлау қызметі қазіргі ауған билігі шетелдік әскер ел аумағынан шығарылғаннан кейін алты айдан соң жеңіліс табады деген болжам айтты. Бұл оптимистік нұсқасы. Алайда үкіметтік күш содырларға үш ай ғана төтеп беруі мүмкін деген болжам да бар.

Ауғанстандағы соғыс әрекеттерінің қарқыны басылар емес. Билік тәлібтердің қолына түскен соң елдегі зорлық-зомбылық артып, отыздан астам террористік топтың белсенділігі еселене түсуіне алып келеді. Олар қазіргі мемлекет шекарасын мүлде мойындамайды. Сондықтан соғыс әрекеттерінің Орталық Азияға қарай ығысуы уақыт еншісінде.

Осыған байланысты көрші жатқан мемлекеттер халықаралық терроризмнің өршуіне қолдан келгенше қарсы тұруға дайындалып жатыр. 24 маусымда Өзбекстанда Ташкент және Оңтүстік-батыс әскери округтері бөлімшелерінің, әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс және Әскери-теңіз күштері әскерінің жауынгерлік даярлығын аяқ астынан тексеру басталды.

ҰҚШҰ Біріккен штабының ақпаратына сәйкес, 25 маусымда ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары мен төтенше жағдай министрліктерінің кезекші ауысымдарының бірлескен даярлығы өтті. 24 маусымда Қаршытау жотасының бөктерінде Тәжікстандағы 201-ші ресейлік базасының барлау бөлімшелерінің 300-ден астам әскери қызметшісі мен 50 әскери техниканың жұмылдырылуымен оқу-жаттығу өтті.

23 маусымда Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзиеев Ауғанстандағы жағдай туралы сөйлесті. Сонымен қатар Эмомали Рахмон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өңірдегі әскери-саяси ахуалды талқылады. Қазақстан Тәжікстан мен Қырғызстанға ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетуге бел байлап отыр.

Афганские военные на месте взрыва - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2020
Ауғанстан хроникасы: тәлібтер қаруланып, америкалықтар еліне қайтып жатыр
22 маусымда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Душанбеде Ауғанстан проблемасы бойынша екіжақты форматта Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстандағы әріптестерімен келіссөз жүргізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (құрамына Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан кіреді) аясындағы өзара іс-қимыл да жалғасуда. Кремль НАТО әскерінің шығарылуы және террористік топтардың белсенділігінің артуы аясында Ауғанстандағы жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді деп санайды.

Шетелдік әскер ел аумағынан кеткеннен кейін АҚШ Ауғанстанда өз елшілігін күзету үшін 650 америкаық әскери қызметшіні қалдыруды жоспарлап отыр. Сондықтан мұндағы жағдайды реттеу енді НАТО немесе АҚШ-тың міндетіне жатпайды.

Жаңалықтар
0