Өңірлер

Ақмола облысында полиция өзін жарнамалаған жігітті ұстады

© pixabay.comРуки мужчины на стекле, иллюстративное фото
Руки мужчины на стекле, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Полицейлер өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратып, әйелдерге қызмет ұсынған облыс орталығының тұрғынын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Әлеуметтік желіде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

"Ертең қызық болады": Нұр-Сұлтанда желіні дүрліктірген фотоның авторы ұсталды

Осы жылдың 26 маусымында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратып және жарнамалай отырып, әйелдерге қызмет ұсынған облыс орталығының тұрғынын анықтады.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнаманы, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, ер адамның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.  
 

Жаңалықтар
0