Калининград иттерді жаттықтыру орталығы қызметкерлерінің айтуынша, болашақ із кесушілерді әуелі бір жарым ай бойы сынайды. Осы уақытта күшіктердің келешекте "қызметтік ит" атағын алып жүре алатындай қабілеті бар-жоқтығы белгілі болады. Тестілеуден өтсе, олар орталықта қалады. Өтпей қалса, күшіктерге ие болатын сенімді адамдар іздестіріледі.
Көп жылдан кейін иттердің белсенділігі төмендей бастаған кезде кинологтар оларды өз үйіне алып кетеді.