Өңірлер

Тағы бір өңірде карантин күшейтілді

© Sputnik / Елена БережнаяБесконтактный термометр
Бесконтактный термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2021
Жазылу
Санитар дәрігердің қаулысы спорттық іс-шараларды, корпоративтерді өткізуге және букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне тыйым салады

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қарағанды ​​облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері өңірде карантинді күшейтетін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Санитар дәрігер облыс аумағында карантин режимін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Өңір тұрғындарына сыртта да, үйде де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ қызметі қалпына келтірілмеген нысандарға (бильярд, караоке, боулинг орталықтары және тағы басқа) баруға рұқсат етілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтілді - Бекшин жаңа қаулыға қол қойды 

Сонымен қатар қоғамдық орындар мен нысандарға барғанда, сондай-ақ ашық аспан астындағы нысандарды аралаған кезде маска тағу және антисептиктерді қолдану бойынша талаптарды қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жедел жәрдемге қоңырау шалып, ешқайда бармай-ақ үйде медициналық көмек алуға болады.

65-тен асқан адамдар елді мекендерге және қоғамдық орындарға баруды шектеу керек.

Сондай-ақ, қаулы спорттық іс-шараларды, корпоративтерді өткізуге және букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне тыйым салады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Жаңалықтар
0