Видео

Әзербайжанда лаванда жинауға дайындалып жатыр – видео

Жазылу
Ғажайып кейіпке енген дала Әзербайжан мен Грузия шекарасына жақын жерде орналасқан. Ерекше көріністі тамашалауға тіпті Бакуден да адамдар келеді

Загатала қаласындағы хош иісті лаванданың гүлденуінен ләззат алғысы келетіндер асығуы керек – маусым айының соңында өнім  жинала бастайды. Sputnik Әзербайжанның түсірілім тобы ерекше алаңға барды.  

Туристер бұл жерді "фотостудияға" айналдырып алған – мұнда елдің түкпір-түкпірінен көптеген турист келеді.

Гүлінен иісті май шығарылатын бұл бұталы өсімдіктің елде өсіріле бастағанына бірнеше жыл ғана болды, бірақ өндірушілер өнімге шағымданған емес.

Гүлденген даланың аумағына тегін кіруге болады. Туристер мұнда естелікке суретке түседі.

Жаңалықтар
0