НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников салмақ қосуға себепші болатын басты қателікті атады, деп хабарлады Vesti.ru.
"Салмақ қосуға әкелетін ең үлкен қателік – тез салмақ тастау. Тез салмақ тастау гормондық жүйенің тепе-теңдігін бұзады, ал мұндайда салмақ жинала бастайды", - дейді Мясников.
Сонымен қатар егер бастапқы салмақтың 5%-і үш айда кетсе, үйде қауіпсіз әрі тиімді түрде арықтауға болады.
Оқи отырыңыз: Дәрігер кеңседе отырып қалай арықтауға болатынын айтты
"Ондай кезде салмақ тастау гормондық жүйеге зиянын тигізбейді. Біз біртіндеп салмақ тастаймыз, ал гормондар бәрі жақсы, тепе-теңдік сақталып отыр деп "ойлайды", сондықтан сіздің ағзаңыздағы зат алмасу төмендемейді және тәбетіңіз артпайды", - деп түсіндірді Александр Мясников.
Дәрігер алма, қияр, сәбіз сияқты өнімдердің тәбетті төмендетуге көмектесетінін атап өтті.