Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Брантты жеңгеннен кейін әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

© AFP 2024 / Yong Teck LimКазахстанский боксер Жанибек Алимханулы
Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2021
Жазылу
Орта салмақтағы әлем чемпиондары –  Геннадий Головкин (IBF, IBO), Деметриус Андраде (WBO), Джермалл Чарло (WBC), Риота Мурата (WBA Super) 

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұрынғы WBA Regular титулының иегері америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін орта салмақтағы ең мықты боксшыларды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлады Sports.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп, қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті – сегізінші раундтан кейін Бранттың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Әлімханұлы чемпиондарға қарсы тұруға дайын екенін білдірді.

​"Чемпиондар, қайдасыңдар? Мен сендерді нокаутқа түсіргім келеді", - деп жазды Жәнібек твиттерде.

​Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпиондары: қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO), америкалықтар Деметриус Андраде (WBO) және Джермалл Чарло (WBC), сондай-ақ жапониялық Риота Мурата (WBA Super).

 

 

Жаңалықтар
0