Өңірлер

Қазақстанның 10 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСолнечный удар, архивное фото
Солнечный удар, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2021
Жазылу
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды, осыған байланысты синоптиктер ескерту жасап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Ауа райына байланысты Қазақстанның он өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

28 маусымда Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерде 42 градусқа дейін күн ысиды. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Кей жерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнайды, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады. 38 градусқа аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнайды. 28-29 маусымда кей жерде күн 35-38 градусқа дейін ысиды. Кей жерде өте жоғары өрт каупі сақталады.

28-29 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде 42 градус аптап ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

28 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

28-30 маусымда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысында Қырғыз Алатауында күндіз кей жерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жаңалықтар
0