Видео

Бекшиннің орынбасары міндетті вакциналау туралы айтты – видео

Жазылу
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің эпидемиологиялық бағыт бойынша орынбасары Әсел Қалықова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында жалпыхалықтық міндетті вакциналау жайында айтып берді

"Жұмыс берушілер мен ірі компаниялар бұған қалай қарайды? Және осы бойынша бұзушылықтар қалай анықталады, процесс қалай бақыланады?" деген сұрақтарға  Қалықова Алматыда, жалпы Қазақстан бойынша мекеме, ұйым қызметкерлерін вакциналау 2021 жылдың бірінші ақпанынан қарастырыла басталғанын атап өтті.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары мұның тиімді екенін БАҚ беттерінде айтып жүр. Бұл аурудың алдын алудың тиімді шараларының бірі. Вакцина алған қызметкерлерінің көп ұйымдардың артықшылықтары болады. Қызметкерлердің көп бөлігі вакцина салдырса, олардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуі керек деген талапты орындамаса болады", - деп атап өтті ол.

Әсел Қалықова санитар дәрігерлердің жұмысы жергілікті атқару органдарымен, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесе атқарылатынын, вакциналау топтық жұмыс екенін айтты.

"Алматыдағы ірі кәсіпорындар, соның ішінде "Атамекен" ҰКП-ға кіретін кәсіпорындар вакциналанатын қызметкерлердің саны туралы деректерді ұсынып отыр. Жергілікті емханалар ол ұйымдарда қызмет ететіндердің ішінде екпе салдырғандардың тізімін жасайды, олар туралы дерек электронды базаға енгізіледі", - деді Қалықова.

Оқи отырыңыз: "Алматы қызыл аймаққа оралуы мүмкін": Сағынтаев дельта штаммының қаупі туралы айтты

Егер қызметкер вакцина салдырғанын айтатын болса, ол сөзге ешкім сенбейді. Вакцина салдырғанын растайтын құжатты, Ashyq қосымшасындағы статусын көрсетуі керек.

"Елімізде егу кезеңі басталғалы Алматы барлық өңірмен салыстырғанда көш бастап келеді. Орта есеппен қалада күн сайын 5-7 мың адам вакцина алуда", - дейді ол.

Жаңалықтар
0