Видео

Болашақ әскери ұшқыштар жауынгерлік оқу-жаттығу ұшағымен әуеге көтерілді - видео

Жазылу
Қазақстанның қорғаныс министрлігі болашақ әскери ұшқыштардың оқу-жаттығуынан видео жариялады

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары майдан және әскери-көлік авиациясы мамандықтары бойынша білім алуда. 

"Қазіргі уақытта "Балапан" авиациялық орталығында ұшу практикасын өтіп жатырмын. Біз үшін дербес ұшу - бұл айтулы күн. Біз болашақта күрделі пилотаждарға, бағыттарға, төмен биіктікте ұшуға, келесі кезеңге өтуге рұқсат ала аламыз. Ұшу туралы айтсам, оны сипаттау өте қиын. Аспандағы сұлулық, жылдамдық, эмоциялар дауылы ештеңемен салыстыруға келмейді", - дейді Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 2-курс курсанты Нұрболат Молдабек.

Әскери институтты бітірер сәтте әр курсанттың 80 сағаттан астам ұшу тәжірибесі болмақ.

"Жетілдірілген жаңа ұшақтардың арқасында пилотаждық машығымызды арттыруға зор мүмкіндік туды. Қазіргі ұшақтардың жабдығы көп жұмысты жеңілдетеді. Болашақта осы оқуымды жақсы бітіріп, әскери ұшқыш ретінде әскери базаларға барғым келеді", - дейді әскери институттың 4-курс курсанты Дархан Қалмахан.

Жаңалықтар
0