Қоғам

Тоқаев инклюзивті білім беру туралы заңға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң нормалары арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын реттейді. Сонымен қатар құжатта білім беру ұйымдары басшыларының білім беру мекемелеріне мүгедектігі бар балаларды қабылдау қағидаларын бұзғаны немесе олар үшін жағдай жасамағаны үшін жауапкершілігі анықталған.

Бұдан бөлек, заңда психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация бағдарламаларын іске асыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына қосу үшін әмбебап көзқарас қарастырылған.

Оқи отырыңыз: 7 жастан белгіленеді: министр мүгедек балалар үшін қандай өзгеріс болатынын айтты

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізу 2022 жылдың бірінші қыркүйегінен басталады.

Төрт заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы". 

Жаңалықтар
0