Ресей шекара бұзған британдық эсминецті кері қайтарды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуМеждународные учения Sea Breeze - 2019 в Одессе
Международные учения Sea Breeze - 2019 в Одессе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
Ресей НАТО-мен қақтығысқа түсуді көздемейді. Бірақ өз шекарасын қорғауға және агрессордың көзін жоюға үнемі дайын

Сондықтан британдық Defender эсминецтің 23 маусымдағы ресейлік Қырым жағалауы жанындағы әрекеті экипаж мүшелері үшін соңғы миссияға айнала жаздады. Ресей авиациясының британдық кемеге қарсы соққы жасауы НАТО әскери-теңіз күштерінің технологиялық тұрғыдан әлсіз екенін көрсетті.

Британдық эсминец HMS Defender 23 маусымда Қырым жартылай түбегінің жанында Ресей шекарасын бұзды. Алайда Ресей Федерациясы бір күн бұрын бұл аумақта зымыраннан оқ атуға тыйым салатын шектеу енгізген болатын. Жүзуге жабық аудандарға жақын маңда жүзу кез келген кеме үшін қауіпті болды.

Фрегат Адмирал флота Касатонов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2020
Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті
Defender эсминеці Қырымдағы Фиолент мүйісінің ауданында ішкі суларға үш километр енді. Радио байланыс арқылы жолданған бірнеше ескертуге құлақ аспаған соң, Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметіндегі күзет кемесі ескерту ретінде оқ атуына тура келді. Ал Қара теңіз флотының Су-24М бомбалаушысы британдық эсминец бағыты бойынша ескерту бомба лақтырды. Тек осыдан кейін ғана Defender ресейлік аумақтан тыс кетіп, Парсы шығанағына қарай бет алды.

Осы оқиғаға қатысты мән-жайды жеткізу үшін РФ қорғаныс министрлігі шекара бұзған кемені ресейлік аймақтық сулардан шығару процесінің видеосын жүктеді. Кремль бұл жағдайды Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің саналы түрде дайындалған арандатушылығы деп бағалады. Ал Біріккен корольдік қорғаныс министрлігінің "Украинаның аймақтық сулары арқылы кеменің бейбіт түрде өтуі" туралы мәлімдемесі сын көтермейді.

HMS Defender зымыран эсминеці 14 маусымда Қара теңізге еніп, 18 маусымда Украинадағы Одесса портына келіп жетті. Үш күннен кейін оның бортында Британия өнеркәсіптік консорциумы мен Украина әскери-теңіз күштері арасында алдағы бес жылға арналған теңіздегі әріптестік жобаларын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Лондон мен Киев украиналық жағалауда әскери-теңіз күштері кемелері мен базасын бірге құруға уағдаласты.

Британдық эсминец HMS Defender 28 маусым мен 10 шілде аралығында өтетін Sea Breeze-2021 АҚШ пен Украина әскери-теңіз оқу-жаттығуларының аясында алдын ала жаттыққан секілді. Бұл әскери шараға 30 елден 32 кеме, 40 ұшақ, 5000 әскери қызметші мен арнайы операцияларды орындайтын 8 команда қатысады. Аталған отыз елдің ішінде үнемі бейтарап көзқарасты ұстанатын Молдова да бар.

Современный Кабул - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
НАТО мен АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылады: Кабул әуежайын Түркия күзетеді
22 маусымда Ресей АҚШ пен оның одақтастарын Қара теңізде оқыс оқиғалардың туындау қаупін арттыратын Sea Breeze аясындағы ауқымды маневрлерден бас тартуға шақырды. Бірақ оның артынша-ақ британдық эсминецтің Ресейдің аймақтық суларына кіруі тіркелді.

24 маусымда РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков "Біз халықаралық құқықты құрметтеуге және аяқасты етпеуге шақырамыз. Егер бұл көмектеспесе, әріптестеріміз айтылғанды түсінбесе, онда бағыт бойынша емес, нақты нысанаға оқ атуға мәжбүр боламыз" деген мәлімдеме жасады.

Sea Breeze-2021 оқу-жаттығулары Қара теңіздің солтүстік-батыс аумағында және Украинаның бірқатар өңірінде өтеді. Маневрлер украиналық акваторияның шекарасынан шығып отыр. Жоспар бойынша теңіз десанты белгілі орындарға жеткізіліп, Херсон және Николаев облыстарындағы әскери полигондарда НАТО арнайы операциялар күштерінің құрлықтағы әскермен бірлескен әрекеттері орындалады.

Сонымен қатар Ресейдің Тынық мұхиты флоты тарихта алғаш рет Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі ауқымды оқу-жаттығуларды өткізді. Маневрге жиырмаға жуық зымыран кемесі мен субмарина, ұшақ пен тікұшақ қатысты. Авиатасымалдаушы соққы жасайтын топтың шартты қарсыластың көзін жою әрекеті сәтті орындалды.

Мәскеудегі Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияда Ресей президенті Владимир Путин, РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу және РФ Әскери күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов ықтимал соғыстың туындау қаупі туралы ескерту жасаған болатын. Бас штаб басшысы Ресей өзіне немесе өз одақтастарына қарсы ядролық қару қолданылған жағдайда ғана тиісті жауап берілетінін еске салды.

Жаңалықтар
0