Экономика

Ипотеканы қай кезде жапқан тиімсіз – маман кеңес берді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Фотобанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Проценттің басым бөлігі төленгеннен кейін қарызды қайта қаржыландыру тиімсіз. Өйткені жаңа кредит алғасын жаңа проценттер болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Ресейлік "Метриум" компаниясының директоры Надежда Коркка банк қарызын қайта қаржыландырудың тимді мерзімін атады.

Сарапшының айтуынша, бүгінде кредит мөлшерлемесін төмендету және қарыз жүктемесін азайту үшін ипотека алған адамдар қайта қаржыландыру тетігін жиі қолданып жатады. Ондайда ескі кредитті жауып, жаңасын рәсімдейді. Проценттік мөлшерлемесі төмен болады. Бірақ ондай шара қарыздың жартысы төленбей тұрғанда тиімді. Ал проценттің басым бөлігі төленіп қойса, қайта қаржыландырудың қажеті жоқ. Себебі жаңа кредитпен бірге жаңа процентті төлеуге тура келеді. 

Қалай баспана алуға болады: Қазақстанда іске асып жатқан тұрғын үй бағдарламалары

"Негізі банктердің басым бөлігінде ипотека аннуитеттік төлемдермен жабылады. Бір бөлігі проценттерге, ал екіншісі қарызды өтеуге жұмсалады. Бас кезінде қарыз алған адам процентті көп төлейді, бірақ артынан негізгі қарыз бен процентке кететін төлемдер теңеседі. Ал ипотеканың соңында ақшаның басым бөлігі қарыздың өзіне кетеді. Сондықтан процент төленгеннен кейін қарызды қайта қаржыландырған тиімсіз. Өйткені жаңа кредит алғасын жаңа проценттер болады", - деп түсіндірді Коркка.

Жаңалықтар
0