НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Бүгін қырық сегіз сағатқа созылатын ЕО саммитінің пленарлық отырысы өтеді. Күн тәртібіне сәйкес "демократия мен үдеріс қарсыластарының" әрекетін талқылау. Саммитке қатысушы мемлекеттер бұл тізімге Ресей мен Белоруссияны енгізіп отыр деп жазды РИА Новости.
Белоруссияға қатысты санкциялар пакеті бекітіліп, ол Еуропаға белорус калийін экспорттауға шектеуді қарастыруы ықтимал.
Сонымен қатар бұл жиында Ресейдің іс-әрекеті талқыланып, оны әдеттегідей қауіп ретінде қарастыратыны анық. Еуроодақ үшін нағыз қауіп Шығыстан емес, Оңтүстіктен төніп жатқаны анық байқалып тұр. Алайда оны талқылауға ешкімнің ниеті жоқ.
Себебі соңғы жылдары заңсыз миграция төңірегіндегі жағдай ушығып барады. Мысалы, Түркия өз территориясында Еуропаға кеткісі келетін үш миллион ықтимал босқынды ұстап отыр. Сондықтан Брюссельмен келісімді сақтау-сақтамау еркі Анкараға тиесілі.
Жерорта теңізі акваториясындағы заңсыз босқындарды құтқаратын және пана сұрағандарды Солтүстік Африка жағалауында қайыққа отырғызатын коммерциялық емес ұйымдар арасындағы заңмен бекітілген байланысқа қарамастан, ЕО елдерінің құқық қорғау органдары адам саудасына қатысы бар күдіктілерді жауапқа тарту үшін еш әрекет жасамай отыр. Бұл туралы италиялық прокуратура да терең зерттеу жүргізді және Еуропол да өз баяндамасында бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Аталған баяндамаға сәйкес, бір заңсыз мигрантты Еуропаға жеткізу ұйымдасқан қылмыстық топ үшін жеті мың еуро түрінде пайда әкеледі. Негізгі бағдар Грекия, Балқан түбегі, Германия, Франция арқылы өтеді. Жыл сайын түрлі жолмен Францияға кемінде 350-400 мың адам келіп жатқаны туралы мәлімет бар. Бұл босқындардың жартысы немесе үштен бірі ел аумағында қалуы мүмкін деп қарастырса, онда мұның өзі дабыл қағуға және шара қабылдауға тұрарлықтай жағдай.
Оқи отырыңыз: Түркия мен Ресей Сирияда бірлесіп әрекет ете ала ма
Бүгінде Франция қалаларының көшелерінде қылмыс көбейген. Әйелдердің бағалы бұйымдарын жұлып әкету, қол сөмкесін тартып алу, көліктің терезесін сындыру арқылы ақша, сағат немесе түрлі бағалы затты ұрлау жиі кездеседі. Шаһар көшелерінде күндіз жүрудің өзі қауіпке толы. Алайда құқық қорғау органдарының жиынтық материалында мұның барлығы шағын қылмыс деп аталып, ешқашан БАҚ арқылы жария етпейді.
Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын танымал психиатр Морис Берже "Фигаро" басылымына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді: "Елге келген азаматтар сол мемлекеттің заңы мен тәртібіне бағынуға тура келетінін түсінгенге дейін заңсыз миграцияны тоқтата тұру керек. Мұны біреулер әділетсіз деп қабылдайтын болар, бірақ бізде басқа амал жоқ".
Бақыланбайтын заңсыз миграция ЕО ішінде де көзқарастар қайшылығын тудырып отырған жалғыз фактор. "Болашақ еуропалықтарға" бірінші болып пана ұсынатын елдер бұл мәселенің бақылауға алынуын талап етуде. Олардың қатарында Италия мен Греция бар. Алайда Венгрия мен Польша көрші жатқан Париж, Ницце, Авиньоненің этникалық геттоға айналғанын біле тұра бұл жағдайды реттеуге атсалысуға асығар емес.