Өңірлер

Алматыда екі халықаралық емхана салынады

© Sputnik / Абзал КалиевГамма-нож
Гамма-нож - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
300 төсек-орынға есептелген халықаралық емхана және 200 төсек-орынды көпбейінді аурухана салу мәселесі пысықталып жатыр

АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалада екі халықаралық емхана салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда кореялық маманадарды тарту арқылы 300 төсек-орынға есептелген халықаралық емхана салынады. Сол арқылы 250 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі, инвестиция көлемі – 38,7 миллиард теңге.

Сондай-ақ австриялық VAMED компаниясымен бірлесіп 200 төсек-орынды көпбейінді аурухана салу мәселесі пысықталып жатыр. Жоба инвестициясы – 90 миллион доллар.

"Алматы қызыл аймаққа оралуы мүмкін": Сағынтаев дельта штаммының қаупі туралы айтты

Сонымен қатар қала әкімі жақын арада халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарланғанын мәлімдеді. Оның жалпы сомасы – 85 миллиард теңге. Жаңа терминал салынғаннан кейін жолаушылар ағыны жылына 6 миллион адамға көбейіп, өткізу қуаты 2,5 есе артады.

"Алатау" инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 2 мың студентті оқыту үшін Nazarbayev University-дің "Жасанды интеллект мектебі" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге арналған зертхана" жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар қалада қыркүйекте Монтфорт-Қазақстан Британ университетінің филиалы ашылады. 5 жылда инвестиция көлемі 50 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жаңалықтар
0