Өңірлер

Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды – Шымкент әкімі өз ойын айтты

© Photo : Официальный сайт акимата ШымкентаАким Шымкента Мурат Айтенов
Аким Шымкента  Мурат Айтенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Мәдениет саласының қызметкерлеріне негізгі жалақысынан бөлек қосымша табыс табуға болады, деді Мұрат Әйтенов

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов танымал әнші Сәкен Майғазиевтің мәдениет үйінің есебінен "Музарт" концертін өткізуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер "Музарт" тобының концертіне жұмсалған қаржы жайында сұрады.  

"Наурыз мерекесі қарсаңында "Музарт" концертінің өткенін білеміз. Оны әкімдік өткізді, нақты айтсақ, қаржыны Шымкент қалалық мәдениет үйі бөлді. Ал оның директоры – Сәкен Майғазиев. Оның "Музарт" тобында өнер көрсететінін бәріміз жақсы білеміз. Топтың коцертіне өзі басқарып отырған мекеме арқылы қаржы бөлуі қаншалықты заңды? Бұл жерде мүдделер қақтығысы байқалмай ма?", - деп сұрады тілшілер.

Шымкент әкімінің айтуынша, мәдениет саласының қызметкерлеріне негізгі жалақысынан бөлек қосымша табыс табуға болады.

"Біріншіден, Майғазиев ол жерден айлық әрі гонорар алса, бұл басқа мәселе. Екіншіден, оларды арнайы шақырып, өзі қосылып, тегін ән айтса, ол – бөлек мәселе. Үшіншіден, өзіңіз жақсы білесіз, заңға сәйкес мәдениет өкіліне екінші табыс табуға болады. Ол кітап жаза ма, ән айта ма, гонорар ретінде алуға кедергі жоқ", - деді Әйтенов.

Сәкен Майғазиев: Жүзден аса шараға бөлінген қаражатты мен ойлап таппадым

Осы орайда қала әкімі бәрін тексеріп, Наурыз мейрамына бөлінген қаржы бойынша арнайы сұхбат беруге уәде етті.

"Біз Наурыз мейрамына қатысты мәселеге нүкте қойып, бәрін жариялаймыз", - деп түйіндеді қала басшысы.

Жаңалықтар
0