Қоғам

Министр Ерғалиев: жақын арада таза қазақ тілінде сөйлеуге уәде беремін

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Жылдың басында ұлттық экономика министрі мәжілісте қазақ тілін білмегені үшін депутаттардан сөз естіген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақшаға шорқақ ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист үкіметтегі ең жас министрден қазақ тілін қалай, кіммен үйреніп жүргенін сұрады.

"Қазақ тілін үнемі, күн сайын үйреніп жүрмін. Репетитормен күн сайын бір жарым сағат бойы оқимыз. Жақын арада таза қазақ тілінде сөйлеуге уәде беремін", - деді Ерғалиев.

Ол мемлекеттік тілді жұмыс барысында үйреніп жүргенін айтты.

"Бізде кез келген министрліктегі сияқты құжаттарды аударумен айналысатын аудармашылар істейді. Олардың арасында қазақ тілін өте жақсы білетін адамдар бар. Әр жиналысқа солармен бірге отырып дайындаламыз. Олардың жылдар бойы қалыптасқан әдістемелік базасы бар. Осы әдістемелік базаны пайдаланып, қазақ тілін үйреніп жүрмін", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстан экономикасындағы оң өзгеріс туралы айтты

Жылдың басында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәжілісте қазақ тілін білмегені үшін депутаттардан сөз естіген еді.

Жаңалықтар
0