Қоғам

Ауыл әкімдерінің сайлауынан хабар тарататын журналистер вакцина алуға міндеттеледі

© Sputnik / Владислав ВодневДиктофон мен микрофон ұстаған журналистер
Диктофон мен микрофон ұстаған журналистер - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Егер БАҚ өкілінде вакциналау паспорты болмаған жағдайда, ол жаңа ПТР-анықтаманы көрсетуге тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауынан хабар тарататын БАҚ өкілдері вакцина алуға немесе ПТР-тест тапсыруға тиіс. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

"Сайлау комиссияларының барлық мүшесінде, бақылаушыларда, сенімді өкілдерде, БАҚ өкілдерінде вакциналау паспорты болуға тиіс. Егер вакциналау паспорты болмаса, онда нәтижесі теріс, мерзімі үш күннен аспаған ПТР анықтама болуы шарт", - деді Есмағамбетова.

Бұл талап коронавирустың таралуы бойынша қай аймақта ("қызыл", "сары", "жасыл") орналасқанына қарамастан, барлық өңірге қатысты, деп атап өтті ол.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер тиісті қаулыға қол қояды деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Ауыл тұрғындары әкімді енді өздері сайлайды

"Вакциналау үшін медициналық қарсы көрсетілімдері болса, мерзімі үш күннен аспаған ПТР-тест нәтижесі бар адамдар жіберіледі. Дене қызуы жоғары немесе коронавирус инфекциясына тән басқа да симптомдары бар сайлау комиссияларының мүшелері не болмаса басқа да қатысушылар сайлау учаскелеріне кіргізілмейді", - деді Есмағамбетова.

Айта кетсек, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуына 10 күн қалғанда өтеді.

Жаңалықтар
0