Оқиға

Алматы түбіндегі Ан-26 апаты: зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинКрушение самолета Ан-26 под Алматы
Крушение самолета Ан-26 под Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Үш ай дәрігерлердің бақылауында болған екі әскери қызметшінің де жағдайы бірқалыпты. Оларды ауруханадан шығарды.

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. 13 наурызда Ан-26 ұшағының апатынан зардап шеккен екі әскери қызметші ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

№4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбековтің айтуынша, екі әскери қызметші де толық емдеу курсын алғаннан кейін қанағаттанарлық жағдайда медициналық мекеменің стационарынан шығарылды.

"Тоқсан бес күн бойы екі пациент Алматы қаласының 4-ші қалалық ауруханасының бейінді бөлімшесінде ем алды, 18 маусымда әскери қызметшілер сауығып шықты", - дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамырда әскерилер реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Әскери ұшақ апаты

13 наурыз күні кешке Алматы маңында ұшақ құлады. Шұғыл қонуға мәжбүр болған Ан-26 әскери ұшағы Қызыл Ту ауылының маңына құлады, оның соңы өртке ұласты.

Борттағы алты адамның төртеуі қайтыс болды. Апат болған кезде аман қалған екі әскери қызметші ауыр жағдайда жақын маңдағы 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті құлаған ұшақ олардың авиациялық қызметіне тиесілі екенін мәлімдеді. Апаттың себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0