Қоғам

Алматыда коронавирустың үнді штаммын жұқтырған 11 адам анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Санитарлық дәрігерлер алматылықтарды коронавирусқа қарсы вакцина егуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Алматыда коронавирустың үнді Delta штаммын жұқтырған 11 адам анықталды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мутацияны анықтау үшін COVID-19 қоздырғышына күнделікті мониторинг жүргізеді.

"Бүгінгі күні сырқаттанушылықтың күрт өсуі (1-ден 10-ға дейін) байқалады. Жалпы алғанда "дельта" (үнді) штаммының оң сынамалардың үлес салмағы 23%-ке дейін артты",- делінген ведомство хабарламасында.

Департаментте Алматы қаласында "дельта" (үнді) штаммы бұрын бір сынамада анықталған болса, үш тәуліктен кейін 10 сынамаға дейін ұлғайғанын айтты.

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов Sputnik Қазақстан тілшісінің сұрағына дәл қазір оңтүстік астанада коронавирустың үнді штаммының 11 ықтимал жағдайы тіркелгенін айтты.

"Осыған байланысты біз қала тұрғындарына COVID-19-ға қарсы вакцина алуды тағы да ескертеміз", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындар күрт көбейді – видео

Департаменттегілер "дельта" COVID-19 штаммының халық арасында таралуы ауруханаға жатқызу және өлімнің жоғарылау қаупіне әкелетінін еске салды. Сондықтан маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, адам көп жиналатын орындар мен іс-шараларға барудан қатаң сақтану қажет.

Бейсенбі күні түстен кейін Алматыда 2013 жылы туылған баланың коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны белгілі болды. Ол коронавирустың үнді штаммы алғаш анықталған әйелдің ұлы.

Жаңалықтар
0