Қоғам

Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы: "Босаңсуға әлі ерте"

© AFP 2024 / STRМедсестры в защитных костюмах поправляют капельницы в больнице с коронавирусом
Медсестры в защитных костюмах поправляют капельницы в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Президент санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің жиі бұзылып жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес барысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың әлі де күрделі екеніне назар аударды, деп хабарлады Ақорда.

Оның айтуынша, Қазақстанның жасыл аймақта тұрғанына қарамастан, босаңсуға әлі ерте, коронавирустың үндістандық түрінің біздің елімізде де болуы ықтимал.

Осыған байланысты президент санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің жиі бұзылып жатқанын және халықты вакциналау қарқынының бәсеңсіп қалғанын айтты.

"Әкімдер азаматтарға екпе салу науқанынан шеттеп қалған сияқты. Әлеуметтік нысандардың, бизнес кәсіпорындардың және жалпы елдің экономикасы вакциналаудың сәтті жүргізілуіне тікелей байланысты екенін түсіну керек", – деді президент.

Қазір жаппай вакциналау науқаны әкімдер жұмысының ең маңызды міндеттерінің қатарында болуы қажет.

Оқи отырыңыз: Президент алдағы әкімдер сайлауын дұрыс ұйымдастыру маңызды екенін айтты

Сіздер барынша белсенділік танытып, азаматтарды вакциналау науқанына өздеріңіз жетекшілік етулеріңіз керек, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0