Осы мақсатта қырғауыл асырайтын орын қалпына келтірілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінде "жасыл белдеу" аумағында қоян, қарсақ, түлкі, кекілік, қарға, қырық құс мекендейді. Сондай-ақ қырғауылдарды өсіру (интродукциялау) жүргізілуде.
Биыл қырғауыл тұқымдасының санын арттыру мақсатында «жасыл белдеу» аумағында қырғауыл фермасын қайта жаңарту жүргізілді. Оның учаскесінің ауданы 1,2 га құрайды.
"Жасыл белдеу" аумағында қырғауылдарды өсіру зиянкестерден (жәндіктерден) қорғаудың биологиялық тәсілі болып саналады. Жасыл аймақты орман жағдайына барынша бейімдеуге, Қазақстанда қырғауылдардың мекендеу орнын кеңейтуге ықпал етеді", - деп атап өтті тиісті басқарма.
Ферма инкубатордан, балапандарға арналған орындардан, көбею кезеңіне арналған ғимараттардан, қыста ұстауға арналған қоршаулардан тұрады.
Оқи отырыңыз: Алматы зообағындағы сурикаттар жұртшылық көзайымына айналды - видео
Қырғауыл аймағының жалпы орналасуы қолданыстағы ландшафтқа үйлесімді түрде сәйкес келеді. Нысанның жобалық қуаттылығы – жылына 2000 бас.