Қоғам

Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне гүл сыйлаймын деп ажал құшты

© SputnikРека Селета
Река Селета - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Ер адам сүйіктісін қуантамын деп қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым - Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне лалагүл жұлып беремін деп суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жабай өзенінде болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Белгілі болғандай, ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге Жабай өзеніне балық аулауға барған.

"Ер адам суға кіріп өзен гүлдерін теріп алмақшы болған. Жағаға қайтып бара жатып суға батып кетті. Тұрғынды іздеу үшін Көкшетау қаласынан Ақмола облысы төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары шақырылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам 52 жаста болған. Департамент аталған жер суға шомылуға арналмағанын атап өтті. Оқиға орнынан 400 метр жерде рұқсат етілген орын бар.

Оқи отырыңыз: Елордада Ақбұлақ арнасын жүзіп өтпекші болған әйел суға батып кете жаздады – видео

Құтқарушылар жағалаудағы және су аймақтарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда ғана суға түсуге болады. Ескерту белгілерінен тыс жерде жүзуге болмайды.

Жаңалықтар
0