НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Соңғы апта ішінде коронавируспен ауыру деңгейі 4%-ке өскені байқалады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында өткен аптамен салыстырғанда індетке шалдыққандар санының 40%-ке ұлғаюымен байланысты", - деді Цой үкімет отырысында.
Айтуынша, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа кірді. Нұр-Сұлтан қаласы сол күйі "қызыл" аймақта тұр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда "үнді" штаммы анықталды: Мамин шұғыл тапсырма берді
"Сары" аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
Бұған дейін Қазақстан "жасыл" аймақта болған еді.