Өңірлер

Жол апатынан көз жұмған директордың әріптесі: Орны толмас ауыр қайғы болды

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Бар көмегімізді беріп, ақтық сапарға шығарып салуға атсалысып жатырмыз, дейді Оразбай Жәдігерұлы

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Ақтөбедегі №20 мектеп пен №33 мектептің кіреберісіне қаралы бұрыш ұйымдастырылған. Көлік апатынан қаза тапқан қос білім ошағы басшысының суреті тұрған тұсқа әріптестері мен оқушылар гүл шоғын қойып жатыр, деп хабарлады КТК.

Бағдат Орынбаева мен Альмира Орақованың демалыс күні Ойылға кетіп қайта оралмағанына жақындары сенер емес. Бүгін ұстаздарды ақтық сапарға шығарып салады.

"Бұл кісінің қазасы облыстың білім саласында істейтін барлық қызметкер үшін орны толмас ауыр қайғы болды. Енді Алланың ісіне шара жоқ. Қаза деген өте ауыр шаруа. Бар көмегімізді беріп, ақтық сапарға шығарып салуға атсалысып жатырмыз", - дейді №33 мектептің мұғалімі Оразбай Жәдігерұлы.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Ақтөбедегі төрт мектептің басшысы мінген көлік апатқа ұшыраған. Олар Ойылдан облыс орталығына қайтып келе жатқан еді. "Тойота Прадо" көлігін тізгіндеген №33 мектептің басшысы Альмира Орақова рөлге  игере алмай қалған. Жанында отырған әріптесі Бағдат Орынбаева екеуі оқиға орнында көз жұмды. Олар демалыста Ойыл ауданындағы әулие атаның басына тәу етуге барған көрінеді.

"Жол апатынан екі адам қаза болды. Екі адам Ойыл ауданы ауруханасына жеткізілді. Біреуінің жағдайы  орташа ауыр, ол қалаға жеткізіледі. Енді ауыр жағдайдағы науқасты барып қарау керек", - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Мектеп директорлары көз жұмды – Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың ақпарат шықты

Аман қалған өзге екі директордың бірінің жамбасы мен қабырғасы, жақ сүйегі сынған. Халі ауыр. "Тасымалға жарайтын болса, облыс орталығына жеткіземіз", - дейді дәрігерлер.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге бізге келген ақпарат: Ойылдағы қасиетті әулие атаның басына барған. Білім саласына сіңірген еңбегі зор. Қаншама оқушыны, ұрпақты тәрбиелеп, өмір жолын таңдауға зор үлес қосқан азаматтар", - деп атап өтті Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Метгүл Қосымбаева.

Бағдат Айсұлтанқызының артында екі баласы қалса, Альмира Шахарбекқызы тұрмыс құрмаған.

Жаңалықтар
0