НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы сияқты қасіретке ешқашан жол бермеуге шақырды.
"Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті", - деп жазды президент Twitter-де.
Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу–барша адамзаттың міндеті.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 22, 2021
Бұған дейін Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.
Тура 80 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. 1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты.