Қоғам

Қырғызстанға QazVac вакцинасының 50 мың дозасы жеткізіледі

© Sputnik / Тимур НиталиевВ Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса
В Казахстане произвели первую партию национальной вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Қазақстанда жасалған вакцина гуманитарлық көмек ретінде жеткізілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым - Sputnik. Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде қазақстандық QazVac вакцинасының 50 мың дозасын жеткізеді, деп хабарлады Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.

Министр гуманитарлық көмек ретінде алынатын вакцина барлығына қол жетімді болатынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, вакцина жұма немесе сенбіде келеді деп күтілуде.

"Мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрімен, елшісімен келіссөздер жүргіздім. Жұма-сенбі күні Алматыдан келеді деп күтеміз, бейсенбі күні біз тоңазытқыш жібереміз. Менің ойымша, шекарада ешқандай проблемалар болмайды", - деді Бейшеналиев.

Ол клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен өтіп жатқан вакцина барлық қырғызстандықтарға қол жетімді болатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы зауыт қыркүйектен бастап миллион доза вакцина шығарады

QazVac – "өлтірілген" вирустан жасалған вакцина. Препарат коронавирус ауруының вирусы мен оған қосылған иммуностимулятордан тұрады. Одан бөлек, құрамында су және аздап тұз бар.

Былтыр көктемде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық препаратты COVID-19-ға қарсы вакциналық кандидаттардың тізіміне енгізді.

Жаңалықтар
0