Қоғам

Қазақстанда ең арзан бензин қай өңірде сатылатыны анықталды

CC0 / / Заправка, архивное фото
Заправка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Өткен аптада ұйымдастырылған бақылау шаралары кезінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы зерделенді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бензин бағасына жасалған мониторингтің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен аптада ұйымдастырылған бақылау шаралары кезінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы зерделенді. Осылайша, 18 маусымдағы жағдай бойынша аймақтарда тіркелген бензиннің бағасы анықталды.

  • Нұр-Сұлтанда   - 169/175 теңге/литр;
  • Шымкент - 168/170 теңге/литр;
  • Алматы -169/170 теңге/литр;
  • Ақмола облысы - 173/175 теңге/литр;
  • Алматы облысы – 170 теңге/литр;
  • Маңғыстау облысы – 170/172 теңге/литр;
  • Атырау облысы - 165/170 теңге/литр;
  • Батыс Қазақстан облысы - 166/170 теңге/литр;
  • Қызылорда облысы - 168/170 теңге/литр;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 173/175 теңге/литр;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 172/175 теңге/литр;
  • Павлодар облысы - 170/173 теңге/литр;
  • Қостанай облысы - 173/175 теңге/литр;
  • Түркістан облысы - 168/170 теңге/литр;
  • Қарағанды облысы - 170/172 теңге/литр;
  • Ақтөбе облысы - 163/168 теңге/литр;
  • Жамбыл облысы - 169/171 теңге/литр.

Айта кетейік, Қазақстанда бензин бағасының көтерілуі сәуірдің басында байқалды. Ал тұтынушылар бағаның өсуіне ғана емес, жанармайдың жетіспейтіндігіне де шағымданды. Энергетика министрлігі биліктің жанармай бағасын неге реттемейтінін түсіндірді. Министрлік өкілдері бағаны реттеу мен "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату жүйесін құру тиімді емес, керісінше, шығыны көп әдіс екендігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Brent мұнайының бағасы 75 доллардан асты

Сала мамандары жанармай тапшылығы болмайды деп сендіріп бақты. Олардың мәліметі бойынша АИ-92 бензинінің жалпы қоры елде жеткілікті деңгейде. Нақтылап айтқанда, қабылданған шаралардың арқасында жыл басымен салыстырғанда қор көлемі шамамен 60 мың тоннаға артып, 270 мың тоннаны құрайды.

Жаңалықтар
0