Өңірлер

Павлодар облысында бес адамнан тұратын отбасы иіс тиіп ауруханаға түсті

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Үш ересек және екі бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым - Sputnik. Баянауыл ауылында пештің дұрыс істемеуі салдарынан бір отбасының бес мүшесіне иіс тиіп, ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жакупова.

Сейсенбіге қараған түні Баянауыл аудандық ауруханасынан адамдардың иіс тиіп уланып қалғаны туралы хабарлама келді.

Бір қабатты тұрғын үйде пештің дұрыс істемеуі салдарынан бір отбасыдан бес адам уланып қалды. Олар -  1992 жылы туған үй иесі, оның 1995 жылы туған әйелі және олардың 2014 және 2020 жылдары туылған ұлы мен қызы, 1967 жылы туған анасы. Барлығы Баянауыл аудандық ауруханасына жатқызылды, жағдайлары тұрақты.

Иіс тимес үшін не істеу керек

Бірінші кезекте, пешті пайдалану талаптарын сақтау қажет.

Оқи отырыңыз: Туысы тауып алған: Аягөзде әйел мен оның 13 жастағы ұлы көз жұмды

Пештің үстінде және маңында ағаш отын, киім-кешек пен басқа жанғыш материалдарды кептіруге болмайды.

Аяз кезінде пешті қатты қыздыруға жол бермеу керек.

Мұржаны үш айда бір рет міндетті түрде тазалап отыру қажет. Сондай-ақ, пештің түтін тартуы нашарлаған кезде мұржаны бірден тазарту керек.

Жаңалықтар
0