Қоғам

Елордада вакцина салдырғандарға қандай сыйлықтар беріліп жатыр

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Елорданың сауда орталықтарында вакцина алғандарға тұрмыстық техника мен жеңілдік купондары ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Бүгінде елорданың сауда ойын-сауық орталықтарында вакцина салдырған адамдарға сан алуан сайлықтар беріледі. Әкімдіктің ресми сайты екпе жасау пунктерінде таратылатын бағалы сыйлықтар мен  жеңілдік купондары туралы ақпарат таратты.

Мәселен, "Азия Парк" орталығында аптасына үш рет вакцина салдырғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылады. Атап айтқанда, шаңсорғыштар, жылдам қыздыратын пештер, миксерлер, тостерлер, кофеқайнатқыштар және тағы басқа сыйлықтар ұтысқа шығарылады. Бұдан бөлек, принтерлер, USB флэшкілері, компьютерлік тінтуірлер, сондай-ақ киім мен аяқ киімге жеңілдік сертификаттарын ұтып алуға болады.

"Mega Silk Way" сауда орталығында вакцина салдырған адамдар мұз айдынына тегін кіре алады. Сертификат бір жыл бойы жарамды. Actual Optic өнімдерін 10 проценттік жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Marrone Rosso және SADU мейрамханасы екпе салдырғандарға кофе мен круасандар таратып отырады.

"Сарыарқа" ойын-сауық орталығында орналасқан "Костюм" мен Actual Optic дүкендерінде 5-10 проценттік жеңілдікпен сауда-саттық жасауға болады. Орталық әкімшілігі 5 мың теңгенің купонын да сыйлайды. Сосын Kinopark желісі киноға билетті жеңілдік сатады.

"Абу-Даби Плаза" орталығында косметикаға 5-30 проценттік жеңілдіктер, ал фуд-корт өнімдеріне 10 процентке дейін қосымша жеңілдіктер алуға болады. "Керуен"-де вакцина салдырғандарға фуд-корттан тегін тамақ іше алады.

"Еуразия"-да Glasman маркалы костюмдері мен CORNER19 брендтік өнімдерін 5 проценттік жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімдігі "үнді" штаммына байланысты карантин қатаңдатылатынын мәлімдеді

Бүгінгі таңда ресми мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтанда вакциналардың бірінші компонентін 185 мыңнан астам адам, екіншісі дозасын 134 мыңнан астам адам салдырды.

Жаңалықтар
0