НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сейсенбі таңертең Нұр-Сұлтанда екі жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысты.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, оқиға Республика мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында шамамен 06.25-те болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
20 жастағы "Лада" жүргізушісі Дүкенұлы көшесі жағынан Республика даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр даңғылымен қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан 60 жастағы жүргізуші басқарған Hyundai Elantra-мен соқтығысты.
Ал Hyundai инерциямен қиылыста тұрған жолаушылар автобусына қарай ұшып кеткен. "Лада" өртеніп кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада" мен Hyundai жүргізушілері жарақат алды. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екеуі де үйіне жіберілді.
Бұл факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.