Қоғам

Асқар Мамин вакцина салдырды

© Photo : Пресс-служба премьер-министраАскар Мамин вакцинировался от коронавируса
Аскар Мамин вакцинировался от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын алды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Асқар Маминнің вакцинаны 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін салдырғаны хабарланды.

"Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын алды. Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қазірге дейін Қазақстанда 2,8 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентін салдырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "үнді" штаммы анықталды: Мамин шұғыл тапсырма берді

Жаңалықтар
0