НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Әйел бастықтарға сыйлық жасауды ұсынғаннан кейін қызметінен босатылған маңғыстаулық экс-шенеунік кешірім сұрады.
Оқи отырыңыз: Бастықтарына қандай сыйлық әперетінін айтып мақтанған шенеунік жұмыссыз қалды
Әлеуметтік желіде оның қарамағындағы қызметкерлерімен сөйлескен видеосы жарияланды. Ер адам "жақсы қарым-қатынас" орнату үшін облыстық басқарма басшыларына иіссу беруге болатынын айтқан. Залдағылар сыйлық ретінде торт апарып беруді ұсынады, бірақ Қуанышбеков ондай жеңіл-желпі сыйлық жасауға келіспейді.
"Желіде тараған видео үшін кешірім сұраймын. Басқарма басшыларынан кешірім сұраймын, өйткені біздің арамызда сыйлық туралы ешқандай келісім болған жоқ. Сондай-ақ облыс әкімінен кешірім сұраймын", - деді экс-шенеунік.
Бұған дейін кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастығы, сондай-ақ инвестициялар және даму басқармасының бастығы ер адамның үстінен ресми шағым түсірді. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін ол қызметінен босатылды.