Оқиға

Батыс Қазақстанда сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды

© Photo : "Ак жайык"Останки сарматского воина
Останки сарматского воина - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Қарақұдық» учаскесінде қорғандары қазу жұмысында жетістікке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым - Sputnik. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологиялық экспедедициясы арнайы рұқсат пен лецензиясын алғаннан кейін темір дәуіріндегі қорғандарды зерттеу жұмысын бастап кетті, деп хабарлады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы. 

Ол екі кезеңнен тұрған болатын.

Бірінші кезеңде-ақ Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Қарақұдық» учаскесінде қорғандары қазу жұмысында жетістікке жетті.

«Қорғандарды қазу жұмысы кезінде бір қорғаннан үш бірдей адамның сүйегі табылып, олармен бірге қару-жарақтары: найза, белдікте пышақ, бір қорап жебе, қайрақ шықты. Қорған тоналмаған, сол жерленген күйлерінде сақталған», - дейді университет жанындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Сайфолла Сапанов.

Бір қорғаннан үш бірдей сармат жауынгерлерінің табылуы археологияда өте сирек кездесетін жағдай. Ұрыста қаза тауып, бәрі бір жерленген болуы керек. Үш бірдей сармат жауынгерлерінің бірі әйел адам да болуы мүмкін. Бұл болжам ғана. Ол жауынгерлердің сүйегіне антропологиялық зерттеу қорытындысына зерттеу жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Оқи отырыңыз: Қазақ тарихшысы таңғаларлық мәлімдеме жасады

Экспедиция қазба жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Ол Мұқыр ауылынан 18  км жерде далалықта өтуде.

Бұл жұмысқа Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Петр Кольцов онлайн түрінде қатысады.

Жаңалықтар
0