НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райының бұзулуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түсіп, дауыл болады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болады.
22 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент пен Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.
22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз 22 маусымда Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
22 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Оқи отырыңыз: Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы
Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с болады. Күндіз кей жерлерде 42 градус ыстық болады.
Облыстың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
22 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде өрт қаупінің төтенше деңгейі болуы мүмкін.
Алматы облысында таулы аудандарда қатты жанбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с жылдамдыққа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.