Өңірлер

Павлодар қаласының қақ ортасындағы тігін салоны қасақана өртелді

© Photo : ДЧС ВКОПожарный автомобиль
Пожарный автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2021
Жазылу
Бір қабатты ғимарат түн ішінде жалынға оранды, өрт сөндірушілер қасақана өртелді дейді

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Павлодарда тігін салонының ғимараты түн ішінде өртеніп кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жақыпова.

20 маусым күні сағат 00.38-де Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 123 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл "Просто Мария" атты тігін салоны орналасқан жеке тұрған бір қабатты ағаш ғимарат.  

Шатырдың ағаш бөлігі толығымен, қабырғалары ішінара жанып кетті.  

"Өрт сағат 03.10-да сөндірілді. Мамандардың айтуынша, ғимарат қасақана өртелген", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тігін цехы өте ыңғайлы жерде орналасқан, оның иелеріне бұрын басқа жерге көшу туралы ұсыныстар түсіп, арандатушылықтар болған.

Бәз біреулер бір күн бұрын да тігін салонын өртеп жіберуге тырысқан.

Оқи отырыңыз: Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео

Өрт сөндірушілер бұл істі полиция департаментіне  жіберді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 8 техника қатысты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0